RU

Сүлейменов немересінің өлімі: Айыпталушы қыз сотта соңғы сөзін айтты

Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатына кінәлі Малика Мұхитова сот алдында соңғы сөзін айтып, бостандығынан айырмауды сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Коллаж: NUR.KZ. Фото: Sputnik / Владислав Воднев: UGC

Айыпталушы сот төрешісінен рақымшылық жасап, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Ол ұйықтап жатқанда Ескендірдің түсіне кіргенін және оның бақытты болып көрінгенін жеткізді.

Мұхитова марқұмның жақындары мен сот қатысушыларынан тағы да жылап тұрып кешірім сұрады. Ол мотоциклдегі жігітті көрмей қалған екен.

"Егер бұл мүмкін болса, мені кешіріңіздерші. Шын мәнінде бұлай болғанын қаламадым. Мен оны байқасам, апаттың алдын алу үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім.

Өтінемін, рақымшылық жасаңыздаршы. Мен бұл күнді ешқашан ұмытпаймын. Бар өмірім күрт өзгерді. Өтінемін, мені аяңыздаршы.

Күн сайын "Ескендір мен сіздер кешірсе екен" деп тілеп жүремін. Егер тамшыдай түсініктеріңіз болса, мені кешіріңіздерші, жалынамын", - деді Мұхитова.

Сондай-ақ, айыпталушы жол апатында Ескендірдің көз жұмғанына кінәлі еместігін айтып, өзі емес, отбасы мен ата-анасын аяуды сұрады.

Сот Мұхитованың барлық өтінішін тыңдады. Енді оған үкім 13 қараша күні шығарылады.

Ал Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы айыпталушының шын мәнінде өкінетініне сенбейді. Олар Мұхитова жазадан жеңіл құтылу үшін осылай айтып отыр деп санайды.

Марқұмның анасы апаттан кейін Малика ең алдымен жедел жәрдемге емес, әкесіне қоңырау шалғанын айтуда.

Прокурор айыпталушыға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.

Еске салсақ, Малика Мұхитова осыған дейінгі сот отырыстарында көз жасын тыя алмай, марқұмның ата-анасынан кешірім сұраған. Ол өз кінәсін толық мойындап, шығынды өтеуге дайын екенін жеткізген.

Марқұмның ата-анасы алғашында айыпталушыдан 14 миллион 753 мың 190 теңге материалдық шығын талап еткен. Алайда кейінірек одан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763129-slejmenov-nemeresini-limi-ajyptalusy-kyz-sotta-sogy-szin-ajtty.html