RU

БАҚ: Алматыда үндістандық студентті өлтіріп кеткен

Үндістаннан келген студентті Алматыда өлтіріп кеткен. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазуда деп хабарлайды NUR.KZ.

ытткку
Көрнекі фото UA-Reporter.com: UGC

The Hans India газеті қаза тапқан жігіт Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде білім алғанын жазыпты. Оның жасы 23-те болған

Дереккөздердің мәліметінше, студенттің мәйітін өзі тұрып жатқан жалдамалы пәтерден тауып алыпты. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

NUR.KZ редакциясы аталмыш ақпараттың растығына көз жеткізу үшін құқық қорғау органдарына сұраныс жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763139-bak-almatyda-ndistandyk-studentti-ltirip-ketken.html