RU

Ресей тас жолында 46 қазақстандық азамат мінген автобус аударылып қалды

Новосібірден Шымкентке бағыт алған автобус Ресейде апатқа ұшырады. Қоғамдық көлікте 46 қазақстандық азамат болған деп жазады vk-smi.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фвиыви
Фото: vk-smi.ru: UGC

Дереккөздің мәліметінше, келеңсіз оқиға Новосібір облысы Коченевск ауданындағы трассада орын алыпты.

Қалааралық автобус жүк көлігімен соқтығысқан соң жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған.

Қоғамдық көлік салонында Қазақстанның 46 азаматы болыпты. Олардың үшеуі түрлі жарақат алыпты.

Төтенше жағдай орнына құтқарушылар, дәрігерлер және полиция қызметкерлері келген.

Зардап шеккендерді аудандық ауруханаға жеткізіп, қалған жолаушыларды уақытша жол бойындағы қонақүйге орналастырған.

Кейінірек қазақстандық азаматтарды резервтегі автобуспен үйлеріне жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763142-resej-tas-zolynda-46-kazakstandyk-azamat-mingen-avtobus-audarylyp-kaldy.html