RU

Алматыда өлтірілген үндістандық жігіттің өліміне күдікті ретінде әйел адам ұсталды

Алматы полициясы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде білім алған 23 жастағы үндістандық азаматтың өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:press-centr.com
Фото:press-centr.com: UGC

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта Медеу аудандық полиция басқармасы жас жігіттің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастаған.

Қазіргі уақытта, күдікті ретінде 1987 жылы туылған Түркістан облысының азаматшасы ұсталған.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, марқұм мен әйел бірге ішімдік ішіп, отырыстың соңы кикілжіңге ұласқан.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, қазір күдікті қамауға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін БАҚ беттерінде 23 жастағы үндістандық жігіттің өз пәтерінде өлі табылғаны жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763152-almatyda-ltirilgen-ndistandyk-zigitti-limine-kdikti-retinde-jel-adam-staldy.html