Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде секс-құлдықта болған төрт балалы келіншек балконнан секіріп кетті

Опубликовано:

Ақтөбеде жеңгетайға жұмыс істейтін төрт балалы келіншек балконнан секіріп кетті деп хабарлайды Ақтөбе Таймс-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:govorunman.livejournal.com
Фото:govorunman.livejournal.com: UGC

БАҚ мәліметінше, оқыс оқиға Ақтөбе қаласындағы 8 Март көшесінің көп қабатты үйінде орын алған.

Куәгерлер үшінші қабаттың балконынан секірген келіншекті байқап қалған. Алайда әйел соңғы сәтте ойланып, кір ілетін жіптен ұстап қалады.

Осыдан кейін төрт баланың анасы өз еркімен қайтадан балконға шыға алмай, көмекке полиция қызметкерлері келген.

Әлеуметтік белсенді Сәнімжан Шұғайпованың айтуынша, қаланың вокзал жақ бөлігінде жезөкшелік белең алған. Өзіне қол жұмсамақ болған әйел мен бірнеше жеңіл жүрістілер 46 жастағы Галя есімді жеңгетайға қызмет етеді екен.

Айта кетейік, әйелді 2004 жылы жеңгетайлығы үшін жауапкершілікке тартқан.

Сәнімжанның айтуынша, жеңгетайдың қол астында сегіз келіншек бар.

Әлеуметтік белсенді Шұғайпова өзіне қол жұмсамақ болған әйелмен сөйлескен. Ол Сәнімжанға жеңгетайдың күндізгі табысын беруді талап еткенін жасырмай айтып беріпті.

Әлеуметтік белсендінің айтуынша, осыған дейін әйел Галяға 13 мың теңге берген. Алайда жеңгетай кемі 50 теңге беруі керектігін айтады. Осыдан кейін Галя әйелге шешінуді талап етіп, сабап тастаған.

Соққыға жығылған әйелді жеңгетай пәтерге қамап қойыпты. Ал әйел сол үйден шығу үшін балконнан секірмек болған.

Айта кетейік, қазір өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені үшін жеңгетайдың ісі тексеріліп жатыр.

Ал келіншек төрт баласымен бірге қорғауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1763156-aktbede-seks-kldykta-bolgan-trt-balaly-kelinsek-balkonnan-sekirip-ketti/

pixel