RU

Балқашта өз-өзін өртеген ер адам қайтыс болды

Қазан айының соңында өз-өзін өртеп жіберген Балқаштың 40 жастағы тұрғыны қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото:zakon.kz
Фото:zakon.kz: UGC

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, дәрігерлер қолдан келген көмекті аямаған.

"Өкінішке орай оны құтқару мүмкін болмады. Ер адамның денесінің 70% пайызы күйіп қалған. Оның тыныс алу жолдары зақымданған", - деді Айжан Иса.

Айта кетейік, полиция ер адамның неліктен бұл қадамға барғанын айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, Балқашта 40 жастағы ер адам өзін-өзі өртеп жібергенін мәлім еткен болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763162-balkasta-z-zin-rtegen-er-adam-kajtys-boldy.html