RU
Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында -19 градусқа дейін аяз болады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында -19 градусқа дейін аяз болады

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 13 қараша күні еліміздің басым бөлігінде суық ауа райы сақталады. Кей аймақтарда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауа райы: Еліміздің бірқатар аймағында -19 градусқа дейін аяз болады

Көрнекі фото: bredynews.ru

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар аймақта тұман түсіп, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады. Жауын-шашынсыз ауа райы батыс және солтүстік-батыс аймақтарда орнайды. Басқа аймақтарда қар жаууы ықтимал.

Астанада бүгін күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы -8 - 10 градус, түнде -17-19 градусқа дейін аяз болады.

Алматыда түнде қар жууы ықтимал, күндіз -5-7, түнде -3-5 градус нөлден төмен болады.

Синоптиктер Түркістан, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында, ал түнде Атырау, Ақмола және Қызылорда облыстарында жел көтеріліп, жел күші 23-28 метр секундқа жетуі мүмкін деп хабарлайды.

Алдағы күндердің ауа райын Gismeteo.kz сайтынан көрулеріңізге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel