RU

"Асықпаңдар": Мақпал Жүнісова тез танылуға құмар жас әншілерді сынға алды

Мақпал Жүнісова соңғы кездері отандық шоу-бизнесте танымалдылыққа құмар әншілердің көбейіп жатқанын айтты. Халық әртісі тәжірибесі тым аз бола тұра, жеке концерттерін өткізуге асығатын жастарды сынап тастады деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жас әншілерге қатысты ойын айтқан Мақпал Жүнісова өзінің алғашқы жеке концертін еске түсірді.

"Кеш өткізбес бұрын халыққа біраз еңбек сіңіру керек алдымен. Ең болмаса он жылдан кейін.

Мен мысалы он жылдан кейін бірінші жеке концертімді бердім. Үлкен концерт беру үшін мен он жыл бойы ауыл-аймақты аралап, халыққа еңбегімді сіңірдім.

Сол себепті, жастарға айтарым, асықпаңыздар. Асыққан шайтанның ісі" , - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763184-asykpadar-makpal-znisova-tez-tanyluga-kmar-zas-nsilerdi-synga-aldy.html