RU

13 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

13 қараша күнге арналған жұлдыз жорамал бойынша жанұяңызға уақыт бөліп, басты құндылықтарға көңіл бөлген жөн. 1001goroskop сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ бүгінгі күннің жұлдыз жорамалын ұсынады.

izmailvechernii.com.ua
Көрнекі фото:izmailvechernii.com.ua: UGC

1. Тоқты

Бүгін тоқты әр ісінде табандылық танытады, оның мақсаты - жеңіс. Қандай бір істе сәтсіздікке ұшыраса да, ол алған бетінен қайтпайды. Әрекет ететін уақыт болды. Жұлдыздар оның ала алмайтын қамалы жоқ екенін көрсетіп тұр.

2.Торпақ

Бүгін торпақ ұстаз кейпіне енеді. Сондықтан жұлдыздар оған бүгінгі күнді сөзін тыңдайтын адамдардың қасында өткізуге кеңес береді. Торпақтың кеңестері мен өмірлік тәжірибесі өзіне де, тыңдаушыларына да пайдалы болады.

3. Егіздер

Бүгін егіздер кез келген істе өжеттік танытады. Ұсақ-түйек істерге мән бермей, ауқымды, өршіл жоспарларды іске асыруға тырысады. Себебі, олар көздеген мақсаттарын жақсы біледі және оған жету үшін барын салады. Бүгін егіздер үшін "қалаймын" мен "қолымнан келеді" синоним сөздер, сондықтан оларға қарсы тұрамыз дегендер сыбағаларын алады.

4. Шаян

Бүгін шешім қабылдайтын күн. Алайда Шаян асықпай бәрін саралап барып, шешім қабылдайды. Шаянның бүгінгі шешімі көп қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

5. Арыстан

Бүгін арыстан барлық істе қырсықтық танытады. Айналадағылар оны ақылға салуға тырысса да, түк шықпайды. Сондықтан да бүгінгі күн жайсыздықтарға толы болады. Бүгін жұлдыздар арыстандарға мәселенің түп тамырын басқалардан емес, өздерінен іздеуге кеңес береді.

6. Бикеш

Бикештер жақындары мен туысқандарына жылы қабақ танытып, тіпті қамқорлық көрсетеді. Олардың өзгелерді қолдап-қорғап жүргенін бәрі түсіне бермейді, тіпті ақыл үйреткеніне қарсы болулары да мүмкін. Сондықтан жұлдыздар егіздерге достық кеңестермен шектелген жөн дейді.

7. Таразы

Бүгін Таразылар уақытты достарымен, отбасымен өткізгені жөн. Оларға кішігірім тосынсый ұйымдастырып, мысалы, кафеге немесе серуендеп қайтуға шақырғаны жақсы болады. Бүгін таразылар бәрін жақсы түсінеді, барлық адамдармен тіл табыса алады, сондықтан күн тамаша өтеді. Бүгін бұрын қозғауға батылы бармай жүрген мәселені көтеруге болады.

8. Сарышаян

Бүгін Сарышаянның шешендік өнері оянады. Оның талқылайтын мәселелері де, айтатын сөзі де көп болады, алайда айнадағылар оны үнемі тыңдай алмайды. Тек отбасы мен достарының арасында Сарышаян шынымен ашылып, бар сезімдері мен сөздерімен бөлісе алады. Жұлдыздар бүгін сауықкеш ұйымдастырып, шеріңізді тарқатып алуға кеңес береді.

9. Мерген

Бүгін Мерген алған бетінен қайтпайды. Алдына қандай мақсат қойса да, түбіне дейін жетпей қоймайды. Осының нәтижесінде Мергенді бақылауда ұстамақ болғандар оны қырсық және менмен санап қалуы мүмкін. Ал шындығында Мерген бар болғаны бүгінгі ісіне жүз пайыз сенімді.

10. Тауешкі

Бүгін Тауешкі күтпеген тосынсыйларға әзір болуы тиіс. Ол қандай жоспар құрса да, жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Алайда бұл өзгерістер жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Тауешкі икемділік танытып, жаңа өзгерістерге бейімделе алса, тағдыр сыйларының рахатын көреді.

11. Суқұйғыш

Бүгін Суқұйғыштың әріптестері қырсықтық пен дөрекілік танытуы мүмкін. Бірақ ол басталып келе жатқан жанжалды бірден тоқтатып отырады. Бүгін Тауешкінің биязылығы мен сыпайылығы қарсы жынысқа, достарына және басшыларына ұнайтын болады.

12. Балықтар

Бүгін балықтар бейтаныс адамдардың жанында да өздерін еркін сезінетін болады. Олар өте белсенді. Жұлдыздар бүгін араласу шеңберін кеңейтіп, жаңа адамдармен танысуға кеңес береді. Балықтар бүгін неғұрлым көп адаммен танысса, соғұрлым қызықты және өздеріне пайдалы таныстықтар орнатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763188-13-karasaga-arnalgan-zldyz-zoramal.html