RU
Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның өзіне ұнамайтын қылығын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның өзіне ұнамайтын қылығын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Жұлдыз Өмірғали күйеуінің үйде қандай жар екенін айтып берді. Ол Айқынның пысықтығы мен үй шаруасында өзіне қалай көмектесетіні жөнінде "Қалаулым" бағдарламасында сыр шертті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ

Отандық жұлдыз жұбайының үйде өзіне ұнамайтын әдеті туралы да айта кетті.

"Керемет көмектеседі деп айта алмаймын. Бірақ кейде пысықтығы ұстап кетіп, ана жерді бір жөндеп, мынаны бұрап қояйын дегені бар. Балам тым кішкентай уақытында менің қолым тимей қалғанда, маған тамақ әзірлеп те қоятын.

Үйде ол енді сөзсіз керемет әке. Тазалықты жақсы көретіні рас. Оның көңілінен шығуға барынша тырысамыз.

Бірақ өзі жиналып тұрған киімдерінің арасынан ең астында тұрғанын жұлып алып, қалғанын артына құлата шашып кетеді. Шкафты жинап қоясың, бірақ қайтадан сондай қайталана береді" , - деп ағынан жарылды Жұлдыз.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын мен Жұлдыз Өмірғалидің әндерін біздіңMusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
9
0
2
2
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel