RU
Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылорда облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: youtube.com

Көрнекі фото: youtube.com

Компанияның баспасөз қызметінде хабарланғандай, оқиға түнде Қазалы-Сексеуіл аумағында болған.

Төтенше жағдай орнына жедел түрде мамандар жіберілген. Олар бұл мәселені тоқтатып, пойыз қозғалысын қалыпқа келтірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Ал вагондардың рельстен шығуына не себеп болғанын уәкілетті тұлғалар анықтайтын болады.

Қазақстан темір жолында бұл жағдайдан кейін жолаушылық №378 Маңғышлақ- Алматы; № 481 Ташкент - Самара; № 618 Астана – Қызылорда пойыздарының қозғалысы тежелгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel