RU

Маңғыстауда шұжықтан уланған үш жасар бүлдіршін қайтыс болды

12 қараша күні Маңғыстау облыстық ауруханасына алты адамнан тұратын отбасы мүшелері келіп түскен. Олардың барлығы тамақтан уланған болып шықты деп хабарлайды Lada сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz: UGC

Жанұядағы төрт кішкентай бүлдіршін мен екі ересек шұжықтан уланған. Өкінішке орай, дәрігерлер үш жасар баланы аман алып қала алмапты.

"Біз қонақта болдық, балалар шұжық жегілері келетінін айтты. Бірақ үй иесі оның тұрып қалғанын жеткізген еді. Мен сонда да оны балаларға қуырып бердім.

Түнде сағат бірдің шамасында балам ауыра бастады. Мен оның асқазанын марганец ерітіндісімен жудым.

Артынша ол ұйықтап қалды. Бірақ кейіннен үш бала да ауыра бастады, сол кезде біз жедел жәрдем шақырдық",- деді қайтыс болған баланың анасы Лилия.
"Өкінішке орай, баланың өмірін аман сақтап қалу мүмкін болған жоқ. Оның өлімі сағат таңғы 7:00-де тіркелді.

Бұл жанұя мүшелері ішімдікті көп ішеді, тұрмыстары жақсы емес.

Қазір әкелерінен басқа, барлығы аурухананың инфекциялық бөлімінде, дірігерлер қарауында жатыр",- деп хабарлады Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763209-magystauda-szyktan-ulangan-s-zasar-bldirsin-kajtys-boldy.html