RU

Су астында өнер көрсеткен сиқыршы жігіт есінен танып қалды (видео)

Испандық сиқыршы Педро Вольта Мадридтегі көшелердің бірінде су астына кіріп өнер көрсеткен. Онда азамат қиын трюк көрсетемін деп мерт бола жаздады деп хабарлайды Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Oxu.az
Фото: Oxu.az: UGC

Педро Вольта жоспар бойынша байланған қолмен су толтырылған әйнек қораптың ішіне жабылады.

Ол жерден шығу үшін азамат өзінің қимылына кедергі келтіріп тұрған үстіндегі көйлекті шешу керек болған.

Алайда сиқыршы жігіт екі минут бойы оны шешуге талпынып, соңында өзі есінен танып қалады.

Су ішіндегі өнерпаз қимылсыз қалған соң көмекшілер оны бірден шығарып алып, жедел жәрдем шақырған. Ал медицина қызметкерлері Вольтаны ауруханаға алып кетеді.

Өнерпаздың сөзіне сүйенсек, белбеуін шешу кезінде ол біршама қиындықтар сезінген көрінеді. Ал оны босатқан уақытта оттегі мен күші таусылып қалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763215-su-astynda-ner-krsetken-sikyrsy-zigit-esinen-tanyp-kaldy-video.html