Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәріне көндік": Мақпал Жүнісова өмірден өткен Нұрқаділовті еске алды (видео)

Опубликовано:

Бар қазақтың сүйікті әншісіне айналған Мақпал Жүнісова осыдан 13 жыл бұрын бақилық болған жары Заманбек Нұрқаділовті еске алды деп жазады NUR.KZ.

"Өзіңсіз өткен 13 жыл мұңайтты да, қатайтты. Қайтеміз, бәріне көндік. Сізді тағы да еске алып отырмыз. Топырағың торқа болсын, Зәкем", - деп жазды ескірмейтін естеліктерімен бөліскен әнші.

Жұбайы туралы сурет пен видеоны Instagram парақшасына жүктеген әнші пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойған.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылдың 12 қарашасы күні кешкі уақытта өз үйінде кісі қолынан қайтыс болған еді.

Халық әртісі өзінен 20 жас үлкен күйеуінің қазасынан соң қайта тұрмысқа шықпады.

Әншіге қызы мен анасы қайта тұрмыс құруына рұқсат бергенімен, бұл жастан өткенін мәлім еткен болатын.

"Қызымның ниетіне алғысымды білдіріп, қазір кеш екенін айттым. Мен бүгінгі күні жалғыздыққа үйрендім. Өзім ер, өзім әйел болып жауапкершілікті арқалауға да бейімделдім. Енді маған бөтен еркектің қажеті жоқ. Оның үстіне Зәкеңнен басқаны сүйе алмаймын”, - деді бір сұхбатында Жүнсіова.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің Мерей есімді бір қыздары бар.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763216-brine-kndik-makpal-znisova-mirden-tken-nrkadilovti-eske-aldy-video/

pixel