RU

Көкшетауда жолаушы тасымалдайтын автобус өртеніп кетті

Көкшетау қаласының №7 бағытындағы ПАЗ маркалы автобус кенет шыққан өрт салдарынан Шевченко көшесіндегі аялдамаға тоқтауға мәжбүр болған. Автобус ішіндегі 10 жолаушы сыртқа шығып үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Aqparat.info
Фото: Aqparat.info: UGC

Ақмола облысының полиция бөлімшесінің төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеуінше, көліктің 12 шаршы метрлік ішкі қаптамасы өртеніп кеткен.

Алдын ала болжам бойынша, өрт шығуына электр сымдар жүйесінің тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Департаменттегілер маусым басталғалы бұл автобус көлігінде шыққан алғашқы өрт екенін мәлімдеді. Осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763219-kksetauda-zolausy-tasymaldajtyn-avtobus-rtenip-ketti.html