RU

90-шы жылдары "хит" болған әншілер қазір қайда жүр? (фото)

90 жылдардың тоқырау кезеңінде Қазақстан халқы той-домалақты қазіргідей хан сарайындай мейрамханаларда емес, қарапайым асханаларда, тіпті "палаткаларда" жасаған еді. Ал, көптеген тойларда сол жылдардағы атақты әртістердің хит әндері орындалатын.

90 жылдардың хит әндерінің орындаушылары қазір қайда жүр? (фото)
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Өкініштісі, халықтың сүйіктісіне айналған әншілер бүгінде сахнаға жиі шыға бермейді. 90-шы жылдардағы танымал өнер иелері қазір қайда жүр? NUR.KZ әншілер жайлы аз-кем ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Көпшілікке "Ақ сәулем", "Жұмбақ қыз" әндерімен танылған Өктем Алтаев бүгінде сахнаға көп шыға бермейтін болған. Әнші тек 2015 жылы ғана "Қазағым" атты ән кешін ұйымдастырып, тыңдармандарын қуантқан еді.

Фото: YouTube
Фото: YouTube: UGC

Ал, "Шашы ұзын қыз" әнімен көпке танылған Нұрлан мен Мұрат Қожа болса, дуэт құрылғаннан кейін, біршама уақыттан соң бөлек ән шырқай бастады.

Мәселен, Мұрат Қожа "Каспий" тобына ауысса, Нұрлан кәсіпкерлікпен айналысып кетті. Тек 2011 жылы ғана қос әнші "Алматы менің алғашқы махаббатым" атты фестивалінде бірге бой көрсетіп, көптің ыстық ықыласына бөленді.

Фото: last.fm
Фото: last.fm: UGC

Күні кеше ғана Жеңіс Сейдоллаұлының ән кешінде бой көрсеткен Рахат Тұрлыханов та 90-шы жылдардың соңында бірқатар хит әндердің авторы атанған еді. Әншінің орындауындағы "Асыл әжем", "Азем" әндері әлі күнге дейін ел есінде.

Шоу-бизнестен алыстап кеткен әнші бүгінде кәсіпкерлікке бет бұрған. Сонымен бірге, ол жұбайы Жәмилә Әбіловамен бірге үш бала тәрбиелеп отыр.

Фото: dailymotion.com
Фото: dailymotion.com: UGC

Кезінде көпшіліктің сүйікті тобы атанған "АБК" тобының экс-мүшелері де қазіргі күні жеке орындаушы ретінде ән айтып жүр. Топ мүшелері сахнадан алыстап кеткен емес. Олар түрлі ән кештері мен концерттерде халық алдына жиі шығып, өнер көрсетуде.

Қазақстан халқына "Фаина", "Боз жорға" әндерімен танылған "НА-НА" тобының да сол жылдары атағы жер жарып тұрған еді.

1989 жылы топтың негізін қалаған семейлік Бари Алибасов күні бүгінге дейін жерлестеріне жиі келіп тұрады екен.

Атақты топ Ресей мен Қазақстаннан бөлек ТМД елдері, тіпті алыс-жақын шетелдерде де танымал болды. Әйгілі топ күні бүгінге дейін тыңдармандарына концерт беріп, көпшілікті қуантып жүр.

Фото: ivona.bigmir.net
Фото: ivona.bigmir.net: UGC

Тоқырау жылдары "Қимай сені барамын" әнімен танылған Меруерт Түсіпбаева да бүгінде ән айтудан бөлек, кино өнеріне де бет бұрған. Түсіпбаева әлі күнге дейін түрлі ән орындап, сахна төрінен жиі көрінуде.

Фото: Kerek-info.kz
Фото: Kerek-info.kz: UGC

Сол сияқты "Мюзикола" дуэті мен "Дауыс International" топтары да бүгінде халықтың алдына жиі шыға бермейді.

Карина Абдуллина жеке орындаушы ретінде сахна төрінде көрініп жүрсе, "Дауыс International" тобының экс-солистері өздерін кино саласында да көрсетіп жүр.

Топтағы Рано Омарова мен Әсел Сәдуақасованың актерлік шеберлігі көпшіліктің көңілінен шыққан еді.

Фото: Arknews.kz
Фото: Arknews.kz: UGC

Фото: musicola.ru
Фото: musicola.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763220-90-sy-zyldary-hit-bolgan-nsiler-kazir-kajda-zr-foto.html