RU

БАҚ: Қазақстан азаматы Санкт-Петербургте жол полициясын капотымен сүйреген

Санкт-Петербург орталығында LADA Priora көлігінің 26 жастағы жүргізушісі полиция қызметкеріне шабуыл жасап, оны капотымен сүйреген. Содан кейін өзі қашып кеткен азамат қазақстандық болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл туралы Санкт-Петербург бойынша Ресейдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Вслух.ру
Көрнекі фото: Вслух.ру: UGC

Оқиға 11 қараша күні орын алған. Полиция қызметкері жағалауда LADA Priorа көлігін тоқтатады. Рөлде 26 жастағы шетел азаматы болыпты.

Ол құжаттарды көрсет деген талапты орындаудың орнына газды басып, жол сақшысына шабуыл жасаған.

Жүргізуші полицейді бірнеше метрге дейін капотында сүйреп, содан кейін өзі қашып кетеді.

Жәбірленушіні бірден ауруханаға жеткізген.

Көп ұзамай жүргізуші қолға түсті. Енді ол бірнеше бап бойынша айыпталуда.

bezformata.com порталының мәліметінше, қамауға алынған жігіт Қазақстан азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763222-bak-kazakstan-azamaty-sankt-peterburgte-zol-policiasyn-kapotymen-sjregen.html