RU

Әншілікке бет бұрған Жадо өзін сынағандарға жауап берді

Осыдан біраз уақыт бұрын БАҚ беттерінде отандық дизайнер Жадыра Сақиеваның әншілікке бет бұрғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Алайда өнердегі әріптестері Жадоны сынға алып, оған ән айтпауға кеңес берген еді. Осы орайда дизайнер өзіне сын таққан әншілерге жауап берді деп хабарлайды "Астана" арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жүнісова, Жадо, Сәдуақасова. Фото: NUR.KZ, androidmafia.ru,student.ozin-ozi-tanu.kz. Коллаж: NUR.KZ
Жүнісова, Жадо, Сәдуақасова. Фото: NUR.KZ, androidmafia.ru,student.ozin-ozi-tanu.kz. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Әншінің алғашқы ән орындауын көрген Мақпал Жүнісова мен Мәдина Сәдуақасова өз пікірін білдірген еді.

"Жақын арада бейнебаянымызды көресіздер. Тобымыздың атын "Жаным" деп қойдық. Мен кәсіби әнші емеспіз. Бірақ "Неге ән айтпасқа" деп бастадық. Мен қанша жылдан бері сын естіп келе жатырмын. Сондықтан сыннан қорықпаймын", - дейді Жадо.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова дизайнерге енді "ән айтпай-ақ қой" деп кеңес берген болатын.

Мадина Сәдуақасова да Жадодан мұндай әрекет күтпегенін айтып, таңданысын жасыра алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әншілердің су жаңа туындыларын біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763228-nsilikke-bet-brgan-zado-zin-synagandarga-zauap-berdi.html