Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде үйлену тойында жаға жыртысқан бір топ жігіттің видеосы тарап кетті

Опубликовано:

Ғаламторда той үстінде төбелесе кеткен жігіттердің видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түскен. Азаматтардың өзара келіспеушілігі жұдырықтасуға ұласып, дүбірлі тойдың шырқы бұзылған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: UGC

Той-думан кезінде орын алған төбелестің видеосы Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған. Бейнежазбада бір топ жігіттердің жаға жыртысып жатқаны көрініс тапты.

Жанжал үйлену тойының үстінде орын алса керек. Оған видеода бой көрсеткен қалындық көйлегімен жүрген бойжеткен дәлел.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Оқиғаның қай жерде және қашан орын алғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1763236-zelide-jlenu-tojynda-zaga-zyrtyskan-bir-top-zigitti-videosy-tarap-ketti/

pixel