RU

Сағынтаев Ұлттық экономика вице-министріне қатаң сөгіс берді

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтан қатаң сөгіс алды. Оған монополияға қарсы жұмыстарды дұрыс бақылай алмағаны үшін ескерту берілген деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: primeminister.kz
Бақытжан Сағынтаев. Фото: primeminister.kz: UGC

Премьер-министрдің сөзінше, монополиcтер тарифтерді негізсіз қымбаттатқаны үшін жауапқа тартылуы тиіс.

Сағынтаев жауаптыларды тексеру барысы қоғамға жарияланып отыруы керек екенін атап өтті.

"Екі аптадан кейін Үкімет жиынында осы мәселені тыңдаймыз", - деді ол.

Осыдан кейін премьер-министр аталмыш салаға жетекшілік ететін Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғаринге сөгіс жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763244-sagyntaev-lttyk-ekonomika-vice-ministrine-kata-sgis-berdi.html