RU

Атышулы Жолдыбаева: Бүкіл Маңғыстау жұрты менімен мақтанады (видео)

Джейран тобының атышулы әншісі Алтынай Жолдыбаева өзін бүкіл Маңғыстау облысы көкіректерін керіп мақтан тұтатынын айтты деп жазады NUR.KZ.

Әнші бұл туралы “Gakku ТВ” арнасының “Follow wars” бағдарламасы барысында мәлім етті.

"Тағы да сол жындар есі ауысқан. Әндерінің де түк мағынасы жоқ. Америкаға еліктеушілік қатты сезіліп тұр. Оның үстіне елдің көзіне тек әуретті жерін көрсете бергені Ақтау қызы үшін ұят. Сіз үшін мен ұяламын", - деп пікір жазған желі қолданушысы.

Ал Алтынай Жолдыбаева: "Неге ұят? Мен ұялмаймын. Менімен батыстықтар, Ақтаулықтар, Маңғыстаулықтар көкіректерін керіп тұрып мақтанады. Мұны сенімді түрде айта аламын", - деп жауап жазды әнші.

Айта кетейік, қыздардан құралған отандық топтардың әнін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763249-atysuly-zoldybaeva-bkil-magystau-zrty-menimen-maktanady-video.html