RU
Marvel негізін қалаған әйгілі Стэн Ли қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Marvel негізін қалаған әйгілі Стэн Ли қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

АҚШ жазушысы, "Өрмекші-адам", "Халк", "Х-адамдар" комикстерінің авторы Стэн ли 96 жасында өмірден озды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

3DNews

Фото:3DNews

Жазушы Лос-Анджелестегі ауруханада қайтыс болған.

Соңғы жылдары бірнеше сырқатқа шалдыққан Ли пневмониямен және көз ауруымен күресіпті.

Стэн Ли жазушы, редактор, көптеген комикстердің авторы болған еді. Ол "Өрмекші-адам", "Доктор Стрэндж", "Халк", "Темір адам" және тағы басқа қаһармандарды ойлап тапқан.

1994 пен 2018 жылдар арасында жазушы Marvel студиясының фильмдерінде камео рөлдерін ойнаған. Сонымен қатар, "Капитан Америка", "Х-адамдар", "Өрмекші-адам" және тағы басқа фильмдердің продюсері болған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel