RU
Өскеменде Дзержинский көшесіне Әміре Қашаубаевтың аты берілмек
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде Дзержинский көшесіне Әміре Қашаубаевтың аты берілмек

Рассказать Вконтакте

Өскеменде кеңестік кезеңде қойылған 12 көшенің атауы өзгертілуі мүмкін. Бұл жөнінде қала әкімдігінің қоғамдық тыңдауы барысында айтылды деп жазады Алтайньюске сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: jasqazaq.kz

Фото: jasqazaq.kz

Өскеменде бірқатар көшелердің атауы өзгеріске ұшырамақ.

Мәселен, Октябрь көшесі Мұхаметжан Тынышпаевтың, Крупская көшесі Евгений Брусиловскийдің, Революционная көшесі Қалихан Ысқақтың, Советская көшелері Адольф Янушкевич пен Александр Затаевичтің, Дзержинский көшесі Әміре Қашаубаевтың атын алса, Киров көшесіне Антон Чеховтың, Орджоникидзе көшесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Куйбышев көшесіне Нарын, Калинин көшесіне Шыңғыстау атауы берілмек.

Бірден 12 көшенің атауын өзгерту туралы ұсынысты қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, тиісті құжаттарды республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберген.

Атауы өзгертілген көшелердің арасында кеңестік кезеңнен бері қалып қойған ескі атаулармен қоса тәуелсіздік жылдарында қайта аталғандары да кездеседі. Мысалы, қалада екінші дүниежүзілік соғыс батыры Ізғұтты Айтықовтың атында екі бірдей көше бар болып шықты. Енді оның біріне Асар деген атау берілмек.

Ал 2002 жылы Головков аты берілген көше араға 16 жыл салып бүгінде Бейбітшілік деген атауға ие болды. Айта кетейік, Головков қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусын беруге қарсылық танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel