RU

Қостанайда ауыл әкімі қатаң жазадан 24 сағаттың ішінде құтылды

Еліміздегі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігңнің Қостанай облысындағы этика бойынша әдеп кеңесі Сарыкөл ауданындағы Сорочинск ауылдық округінің әкімі Жанболат Сабырбаевқа қатысты істі қарады. Бұл туралы kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz: UGC

Сарыкөл ауданының бас прокуроры Долат Бекентаев мәлім еткендей, жергілікті тұрғын Коваленко жеңіл ұрлығы үшін қоғамдық жұмыс жасау арқылы жазасын өтеуі тиіс болған. Ал оны бақылау жергілікті басшылық міндеті екен.

Коваленкоға уақытында тапсырма берілген. Алайда ол өзге жерде жұмыс істеуіне байланысты кей күндері келе алмай жүріпті.

Сорочинск ауылдық округі әкімдігінде азаматтың табеліне келмеген күндерге де "сегіздік" қойылып келген. Тексеріс кезінде оған берілген жалпы жұмыс уақытынан алты сағат өтелмегені анықталды.

Ауылдық округ әкімі Жанболат Сабырбаев болса Коваленконы бақылай алмағанын мойындады. Басшы жұмысының көптігін айтып ақталған.

Белгілі болғандай, 11 мамыр күні Сабырбаевтың үстінен әкімшілік жаза тағайындалған екен. Сондықтан кеңес мүшелері Сарыкөл ауданының әкімі Амантай Балғаринге ауылдық округ әкімінің үстінен тәртіптік жаза қолдануды сұраған.

Алайда 11 қараша күні Кеңес мүшелері алғашқы жазадан бері алты ай мерзім толғанын ескеріп, аудан әкімі Сарыбаевқа сөгіс берумен ғана шектелді.

Осы іс аяқталған соң Амантай Балғарин оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

"Әрине мен әкімнің тарапынан қателік кеткенін жоққа шығармаймын. Бірақ әкімдік бақылаушы орган емес. Пробация қызметі жағдайды қарауына алмаған, ал жауап беретін әкім. Бұлай жалғаса берсе біз барлық тәжірибелі мамандарымыздан айырыламыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763261-kostanajda-auyl-kimi-kata-zazadan-24-sagatty-isinde-ktyldy.html