RU

Баласын жын шығарамын деп молдаға сабатқан әке ұлынан айырылды

Әзірбайжанда баласының ішінен жын шығармақ болып, молда жалдаған ер адам ұлынан көз жазып қалды. Екі сағат бойы соғылған дүреге шыдай алмаған 1993 жылғы жігіт қаза болған деп хабарлайды Sputnik Әзірбайжанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:www.info-islam.ru
Фото:www.info-islam.ru: UGC

Полиция оқыс оқиғаға қатысы бар бес адамды ұстаған. Олардың арасында молда да бар.

Тергеу барысында ұсталғандар жігіттің ішінен жын шығару үшін осындай әрекетке барғандарын мәлім етті.

Молда науқас жігіттің ішіндегі тылмыс күшті шығару үшін 88 мың теңге (400 манат) көлемінде ақы алған.

Марқұмды бір топ азамат жалдамалы пәтерге алып келіп, аяқ-қолын басып отырған.

Ал жігіттің әкесі молдаға ұлын қаттырақ ұруды тапсырған.

Жас жігіт қанша қиналғанымен олар жұмысты тоқтатпай, 1993 жылғы азаматты таяқпен сабай берген. Ал арада екі сағат өткенде алған соққыларынан науқас жігіт қаза тапқан.

Қазір ұсталған азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763268-balasyn-zyn-sygaramyn-dep-moldaga-sabatkan-ke-lynan-ajyryldy.html