Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ аруы" атанған актрисаның өз ұстазымен көңілдес болғаны рас па?

Опубликовано:

Отандық театр және кино артисі, "Қазақ аруы - 2011" байқауының жеңімпазы Ләззат Қалдыбекова өзін "ұстазының көңілдесі болды" деп сынағандарға жауап берді деп хабарлайды Астана арнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ләззат Қалдыбекова. Фото:www.auezov-theatre.kz
Ләззат Қалдыбекова. Фото:www.auezov-theatre.kz: UGC
"Мені ұстазым Есмұхан Обаевпен қосты. Көпшілік "ұстазыңмен болғансың", "Сол кісі сені көтерді" деген әңгіме айтты. Адам неғұрлым биікке көтерілген сайын артынан сөз ілеседі ғой", - деді ел сөзіне нүкте қойған актриса.

Ләззат Қалдыбекова күйеуімен бірнеше рет ажырасып, қайта қосылғанын да жасырмай айтып берді.

"Ішкі жан дүнием күйеуімді "сенің адамың" емес деп айтып тұрды. Балам үшін екі рет қайта қосылдым. Кейін балам өкінбесін деп ойлаған едім.

Қазір өмірді қайта бастауға дайынмын. Бірақ "тоқал" болуға ұсыныс жасалса, оны қабылдамаймын.

Өйткені, бірінші ол адамның жұбайының жағдайын ойлаймын", - деп ағынан жарылды Қалдыбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763269-kazak-aruy-atangan-aktrisany-z-stazymen-kildes-bolgany-ras-pa/

pixel