RU
Қазақстандық арулар биыл шаш қиюға 14 млрд-қа жуық қаржы жұмсаған
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық арулар биыл шаш қиюға 14 млрд-қа жуық қаржы жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық бикештер шашты сәндеуге қаражаттарын аяйтын емес. Тек 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында арулар 13,8 миллиард теңгеге жуық қаражатты шаш қию қызметіне жұмсаған екен деп хабарлайды energyprom.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Tiu.ru

Көрнекі фото: Tiu.ru

Басылымның мәліметінше, 2017 жылы әйел адамдардың шаштараз қызметіне кеткен қаражаты ер адамдармен салыстырғанда екі есе артық болған. Бұған қоса, аталмыш қызметтің бағасы да жыл сайын қымбаттап барады екен. Мәселен, 2018 жылдың қазан айында шаштараз бен сән салондарындағы қызмет көрсету өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға, маникюр - 0,5%-ға қымбаттаған көрінеді.

Сондай-ақ, Қазақстанда нәзік жандылардың шаш қию қызметіне орта есеппен 1767 теңге кетсе, ерлерге 1173 теңге жұмсалады екен.

Ел бойынша, ең қымбат шаш қию бағасы Алматы қаласында тіркеліпті. Мұнда әйелдер шашты шамамен – 4321 теңгеге қидыртса, ерлер – 2760 теңгеге шаш алдыра алады.

Шаш қию қызметінің қымбаттығы жөнінен екінші орынды Астана алып тұр. Елордада бұл қызмет әйелдер адамдар үшін – 3717 теңге, ерлер үшін – 1914 теңгені құраған.

Сол сияқты шаштараз қызметі Ақтауда қымбат болып шықты. Мұнда арулар үшін шаш қию бағасы шамамен 2382 теңге. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі пайызға қымбат.

Республика бойынша шаш қию қызметі бағасы тек Ақтөбе мен Талдықорғанда ғана өзгермеген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel