RU
3,6 млн теңге айлық алғысы келген футболшы Самат Смақовты сотқа берді
Жаңалықтар Спорт

3,6 млн теңге айлық алғысы келген футболшы Самат Смақовты сотқа берді

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы футболшы Самат Отарбаев "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Самат Смақовты жауапқа тартуды талап етуде деп жазады Ақтөбетаймсқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.kz, Коллаж: NUR.KZ

Фото: sports.kz, Коллаж: NUR.KZ

Бірінші қараша күні "Ақтөбе" клубының бұрынғы ойыншысы Отарбаев Смақовтың үстінен шағым түсірген. 28 жастағы қақпашы өзі өнер көрсеткен клубтың бас директорына қатысты шара қолдануды талап етіпті.

Айтуынша, Смақов оған тиісті жалақысын төлемей қойған.

Сот құжаттарына сәйкес, Отарбаев ақтөбелік клубқа өткен жылдың бесінші қаңтарында келген. Қақпашы "Ақтөбемен" 3,6 млн теңге айлық көлемінде келісімшартқа отырғаны да анықталды. Оған футбол клубы 13 млн теңге қарыз болып қалған.

Отарбаев сотта жеңіске жетіп, өзіне тиесілі жалақыны төлеуді талап еткен.

"Ақтөбе" өз кезегінде Самат Отарбаевқа толық сомма төртінші қараша күні төленгені жөнінде мәлімдеме жасады.

Қазіргі таңда, сотта осыған ұқсас бірқатар шағымдар қарастырылып жатыр. Томаш Шимкович, Андрей Сидельников, Игорь Зенькович, Кирилл Шестаков және Джозеф Нейн атты футболшылар да өз арыздарын түсірген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel