RU

Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан Ақбота тегін өзгертіп жіберді

Биылғы жылы Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан Ақбота Сейтмағамбет тегін өзгертіп жіберген. "Кешьюдің" бұрынғы әншісі күйеуінің тегіне өткен деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында Дәурен Айдарқұлов Telegram парақшасында мәлім етті.

"Көпшілік Ақботаның маусым айынан бері тегін өзгерткенін білмейді. Енді ол Ақбота Сейтмағамбет емес Ақбота Айдарқұлова Абайқызы (ААА)", - деп жазды актер.

Айта кетейік, биылғы жылдың маусым айында Ақбота мен Дәурен заңды некеге тұрып, балаларының тұсаукесер тойын өткізген болатын.

Сондай-ақ үнемі баласының жүзін елге көрсетпейтін актриса актердан туған ұлын көпшілікке көрсеткен еді.

Ал жақында Ақбота Абайқызының екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763282-duren-ajdarklovka-trmyska-sykkan-akbota-tegin-zgertip-ziberdi.html