RU
Якутиялық полицейлер ерекше клип түсіріп, желіні жарды
Жаңалықтар Әлемде

Якутиялық полицейлер ерекше клип түсіріп, желіні жарды

Рассказать Вконтакте

Якутияның Амгинский ауданының полицейлері ерекше клип түсіріп, Ресейдің ішкі істер министрлігінің ресми сайтына жүктеген. Бір тәулікте роликте 19 мың адам қараған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Ролик Ресей ішкі істер министрлігінің ресми Twitter сайтында жарияланған. Осылайша Амгинский ауданының полицейлері көрермендерді өздері қатысатын "Жұлдызды би" байқауына келуге шақырған.

"Барлықтарыңа қайырлы күн! Саха республикасының Амгинский ауданының полицейлері 10 қарашада өтетін мерекелік шараға келуге шақырады", - деп жазылды әлеуметтік желіде.

Ресей федерациясының ішкі істер қызметкері күніне арналған концерт 10 қараша күні өткен. Полицейлер заңды қорғап қана қоймай, билей алатындарын да көрсеткен.

Би нөмірлерінің арасында танго, вальс, кантри, тіпті болливуд билері де болған. Шара барысында "ең биязы қызметкер" таңдалды. Бұл атақ Ілияс Заровняевке бұйырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel