RU

Оралда 30 жастағы әйелді пойыз қағып кетті

Оралдың Желаев тас жолы маңындағы төртінші ықшам ауданында пойыз 30 жастағы әйелді қағып кетті. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: news.yandex.kz
Көрнекі фото: news.yandex.kz: UGC

Келіншекті қаққан Саратов-Алматы бағытындағы пойыз болып шықты. Көлік еш тежеліссіз жолын жалғастырып кеткен.

Ал бас сүйек жарақатын алған әйел облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763318-oralda-30-zastagy-jeldi-pojyz-kagyp-ketti.html