RU

Қытайда көшеде келе жатқан бойжеткенді жер жұтып қойды

Қытайда бейнебақылау камералары кенет асфальт опырылып, үш метр тереңдікке түсіп кеткен әйелді түсіріп алған. Салдарынан әйел адамның екі қабырғасы сыңып кеткен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

gazeta.a42.ru
Фото:gazeta.a42.ru: UGC

Оқиға Ланьчжоу қаласында автобус бекетінің жанында болған. Полиция ақпаратына сәйкес шұңқырдың көлемі үш метрді құраған. Видеода қара киім киген әйел асфальттың астына түсіп кетеді, ал асфальттың опырылуы жалғаса береді.

Көмекке келген куәгерлердің біреуі жедел жәрдем шақырған, ал мотоцикл жүргізушісі асфальт кесектерінен қорғану үшін әйелге өз бас киімін тастаған.

Қазір асфальттың опырылуына не себеп болғаны анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763323-kytajda-ksede-kele-zatkan-bojzetkendi-zer-ztyp-kojdy.html