RU

"Өлейін бе?": Ақбота Керімбекова өзіне қатысты алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды

Былтыр тұрмысқа шыққан жұбайынан да ажырасқан Ақбота Керімбекова жұрт арасындағы өзіне қатысты алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды. Әнші өзінің ешқашан үш рет отбасы құрамын деп ойламағанын мәлім етті деп хабарлайды "Алматы" арнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Керімбекова. Фото:qazaquni.kz
Керімбекова. Фото:qazaquni.kz: UGC

Кішкентайында әке-шешесінің ажырасып кеткеніне куә болған Ақбота болашақта іргесі берік шаңырақ құратынына сенімді болған.

"Күйеуден бағым жанбаған шығар енді. Мұның барлығы артта қалды. Өмірдің өткен парақтарын қайта ашудың керегі жоқ.
Біреуге арқа сүйейінші деп ойладым. Бес байға, он байға шығып абырой жинау ойымда болмады. Әке-шешем ажырасқан кезде, өзіме ылғи "Бір рет қана тұрмысқа шығамын. Бала-шағамның бәрі бір әкеден болады" дейтінмін. Енді не істейін? Өлейін бе? Бұрынғы жұбайларыма еш жамандық тілемеймін. Аман болсын! Бақытты болсын!", - деп сөзін аяқтады Керімбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Ақбота Керімбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763325-lejin-be-akbota-kerimbekova-zine-katysty-alyp-kaspa-gimelerge-nkte-kojdy.html