RU
Дәурен Айдарқұлов Ақботаның арқасында темекіні тастағанын айтып, мақтанды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Дәурен Айдарқұлов Ақботаның арқасында темекіні тастағанын айтып, мақтанды

Рассказать Вконтакте

Дәурен Айдарқұлов екінші жұбайының айтуымен темекіні тастағанын мәлім етті. Актер өзіне Ақботаның қолдау білдіргенін Telegram парақшасында айтқан деп жазады NUR.KZ.

Дәуреннің сөзінше, қатарынан 40 күн бойы темекі шекпесе, жары Ақбота өзіне берген уәдесін орындайтынын айтыпты.

"Темекі шекпегеніме бір апта болды. 40 күн бойы темекі шекпесем, Ақбота менің армандап жүрген нәрсемді беруге уәде етті", - дейді Айдарқұлов.

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын актер жұбайы Ақботаның тегін ауыстырғанын айтқан болатын. Ақбота Сейтмағамбет маусым айынан бастап, заңды түрде Айдарқұлова тегін алған.

Естеріңізге сала кетейік, үш баласы бар Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет арасындағы махаббат "Гламур для дур" фильмінен соң пайда болған.

Елді шулатқан жұлдызды жұп биылғы жылдың маусым айында заңды некеге отырды.

Ал жақында Ақбота Айдарқұлованың екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel