RU

Британиялық 54 жастағы әйел 250 жігітті есінен адастырған

54 жастағы британиялық Джуни Смит 30-дан асқан соң өзінен жас 250 жігітпен көңіл қосқан. Кәсіпкер бикеш жас жігіттер өзі қатарлас азаматтардан әлдеқайда жақсы екенін, олармен кездесу өзін жасартатынын айтты. Бұл туралы bigpictue.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Джуни ешқашан тұрмысқа шықпаған және оның балалары да жоқ.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Мен 30 жастан асқан соң тек өзімнен жас жігіттермен ғана жүрдім. Мен көңіл қосқан азаматтардың арасында 18-20 жастағы бозбалалар да болды. Содан бері мен бір рет те өкінген емеспін. Өзіммен жасты еркектермен де қосылғым келді. Бірақ, олар өте қызықсыз әрі төсекте ләззат сыйдауға ұмтылмайды", - дейді Смит.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Келіншек 250 жігіттің бәрімен төсектес болмағанын айтты.

"Мен біреуімен тек кофе ішсем, екіншісімен коктейль іштім. Ал үшіншілерімен қызықты басқосуларға бардым. Арасында ұзақ уақыт жүрген бірнеше азаматпен ғана төсектес болдым", - дейді келіншек.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Британиялық бикеш төсек қатынасына қалыпты қарайтынын, алайда өзін жеңіл жүрісті деп ойламау қажеттігін жеткізді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Бұл менің жеңіл жүрісті екенімді білдірмейді. Маған тек әдемі болып жүру мен жақсы азаматпен көңіл қосу, тәтті төсек ләззатына бөлену ұнайды. Алайда ол үшін, алдымен, адамдар бір-бірімен кездесіп, жүруі керек", - дейді Джуни.
Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ару аптасына екі-үш азаматты кездесуге, кешкі асқа шақырудың еш ұяты жоқ екенін айтады. Жас жігіттермен кездесу өзін жас сезінуге әсер ететін көрінеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Маған олармен қызық. Мен балам мен отбасым болғанын қаламаймын. Олар менің дене мүсінімді сақтап тұруға көмектеседі. Олар өмірден ләззат ала алады", - дейді британиялық әйел.

Жігіттер Джуниді 30-35 жаста деп ойлап қалады екен. Оның сөзінше, еркектерге оның өмірге деген көзқарасы мен тұрмыс құрғысы келмейтіні ұнайтын көрінеді.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC
"Егер "жыртқыш" болсаң, жігіттермен кездескенде екеуің де ойын ережелерін білулерің керек. Бұл ұзаққа созылмайды, бірақ сендер осы уақытта рахат алып үлгересіңдер", - дейді 54 жастағы келіншек.

Джуни өзінің жігіттер көңілінен шығуы ашық мінезді жарқын адам болуында деп біледі. Келіншектің айтуынша, сен әрдайым сөйлесуге дайын тұрсаң, олар да мұны сезетін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763353-britanialyk-54-zastagy-jel-250-zigitti-esinen-adastyrgan.html