RU

23 жастағы бойжеткен өзіне адал жар болатын жігітке 28 млн беруге дайын (фото)

Джейн Парк 17 жасында Ұлыбританияда лотореядан миллион фунт (шамамен 482 миллион теңге) ұтып алып, бірден байып шыға келген. Алайда қазір 23 жасқа келген бойжеткеннің махаббатта жолы болмапты. Енді ол жақсы жолдас табу үшін арнайы сайт ашып, жеңіске жеткен азамқа 60 мың фунт (шамамен 28 миллион теңге) беруге уәде етті. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: instagram/janeparkx
Фото: instagram/janeparkx: UGC

Бойжеткен қаржылық жағдай жақсарғалы бері жігіттерге сенуден қалған. Себебі олардың көбінесе есеппен кездесіп жүр деп санайды екен. Ол бүгінге дейін The X Factor шоуының финалисі Сэм Каллаханмен көңіл жарастырған. Алайда таңдағаны оның көзіне шөп салып, көп ұзамай олар айырылысып кетеді.

Кейінірек Джейн футболшымен кездесіп, ол да арудың жүрегін жаралаған көрінеді. Сондықтан, сұлу бикеш өз серігін табудың өзгеше жолы іздеген.

"Джейн өте жақсы қыз. Алайда оның тағы да жалғыз қалғаны жанымызға батады. Лотореядан ұтқалы бері оның жолы болмай қалды", - дейді оның достары.

Енді ару жігіттерге ақшаны өзі ұсынып көруге бел буған. Ол үшін арнайы сайт ашып, онда өзімен кездескісі келетіндердің өтінішін қабылдайды.

Жеңімпазға берілетін 60 мың фунтқа жас жұп еркін қыдырып, жақсы демалыс ұйымдастыра алады екен. Болашақ жарыма қоятын басты талабым адалдық қана дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763354-23-zastagy-bojzetken-zine-adal-zar-bolatyn-zigitke-28-mln-beruge-dajyn-foto.html