RU

Жақында тұрмыс құрған "Кешьюдің" бұрынғы әншісін жұрт жүкті деп болжады (фото)

Жақында ғана тұрмысқа шыққан "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Элизат Берікованы көпшілік аяғы ауыр деп болжады. Жеті жыл кездескен сүйгенімен шаңырақ көтерген әншіні желі қолданушылары қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Көпшіліктің сұрауы бойынша Элизат Берікова өзінің жұбайын көрсеткен.

Алайда оқырмандар оның жұбайына емес, әншінің ішіне көңіл аударып, оны жүкті деп ойлағандарын жасырмады.

"Аяғыңыз ауыр ма?", "Ішің дөңгеленіп, шығып қалыпты ғой", "Қашан босанасыз?", "Жүкті екенсіз ғой", "Ұзатылудағы суретіңізден байқап едім", "Бақытты болыңыз", "Үбірлі-шүбірлі болыңыздар. "Екіқабат болса, өзіне ғой. Осы жұрттың қызықпайтыны жоқ", "Ұзатылғаны кеше ғана ғой" деп олар жарыса пікір білдірген.

Алайда әнші бұл пікірлердің біріне де жауап қайтармаған.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында "Кешьюден" кетіп қалған Элизат Берікова тұрмысқа шықты.

Ал күні кеше әншінің үйлену тойы өтті.

"Кешью" тобының әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763356-zakynda-trmys-krgan-kesudi-bryngy-nsisin-zrt-zkti-dep-bolzady-foto.html