RU

Қостанай облысында қолында татуировкасы бар қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Қостанай облысында 20 жастағы қыз ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бір аптадан бері ол еш жерден табылмай жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Қостанай облысындағы полиция департаменті 20 жастағы Екатерина Пудвильге іздеу жарияланғаны туралы мәлімет таратты.

Бойжеткен 7 қараша күні түнде үйінен шығып кеткен. Жақындары оның бұрын-соңды бұлай ескертусіз ешқайда кетпегенін айтуда.

Екатеринаның өзі Денисовка ауылында тұрады.

Айта кетейік, жоғалған арудың шашы ашық түсті, ұзын. Сол қолында ұшақтың, оң қолында екі жүректің татуировкасы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763365-kostanaj-oblysynda-kolynda-tatuirovkasy-bar-kyz-iz-tzsiz-zogalyp-ketti-foto.html