RU

"50 балам болса": Үш әйелімен тұрып жатқан орыс жігіті елді таңғалдырды

Ресейдің Владимирск облысы Александров қаласының 34 жастағы тұрғыны Иван Суховтың үш әйелі бар. Азамат оның алғашқысымен заңды некеге тұрса, қалған екеуін ортақ келісім бойынша алған. Бұл туралы "Россия-1" телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Қазір Иван өзінің үш әйелімен үш бөлмелі пәтерде тұрады.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Бүгінгі күні жанұя тоғыз баланы асырап отыр. Әр күні кешке отағасы түнін бірге өткізетін жарын таңдайды екен. Осылайша, ол өзінің кең бөлмесіне әйелдерін кезекпен кіргізетін көрінеді.

Ал жұбайларының бірі қателік жасап қойса, төсек қатынасынан бір айға тыйылады екен.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Сухов бірінші жары Натальямен 11 жыл заңды некеде тұрып жатыр. Оның екінші және үшінші әйелдерінің есімдері Анна және Мадина.

Мадинаның алдында Иванның Юля атты жұбайы болыпты. Ол гаремнен үш баласын алып қашып кеткен екен.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Алайда азаматтың үйі босап қалмай, керісінше жаңа жары аяқ басқан.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Иван өзінің әйелдері бұдан да көп болғанын, ал балаларының саны 50-ден асқанын қалайды екен. Алғашында Наталья күйеуінің бұл ойымен келіспеген көрінеді.

Артынша ол жұбайының үлкен отбасын қалайтынын түсініп, өз рұқсатын беріпті.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Үйдегі тоғыз бүлдіршіннің алтауын Наталья босанса, үш баланы Анна туып берген. Қазір төртінші баласына аяғы ауыр екінші әйел декреттік демалыста екен.

Фото: russia.tv
Фото: russia.tv: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763370-50-balam-bolsa-s-jelimen-tryp-zatkan-orys-zigiti-eldi-tagaldyrdy.html