RU

ШҚО-да такси жүргізушісі жолаушыға ұмытып кеткен 1,5 млн теңгесін қайтарып берді

12 қараша күні "102" нөміріне Семей қаласының 42 жастағы тұрғынынан қоңырау түсіп, азамат 1,5 миллион теңге салынған пакетін жоғалтып алғанын айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: ХабИнфо
Көрнекі фото: ХабИнфо: UGC

Жәбірленушінің айтуынша, ол өз пакетін ВАЗ-2017 маркалы көлігінде ұмытып кеткен. Алайда автомобильдің түсі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі есінде қалмапты.

Алайда адал еңбекпен несібесін айырған жүргізуші қомақты қаржыны көре сала иесін тауып, полицияның араласуынсыз-ақ оған жеткізіп беріпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763373-sko-da-taksi-zrgizusisi-zolausyga-mytyp-ketken-15-mln-tegesin-kajtaryp-berdi.html