RU

Оралда мектепке кеткен тоғыз жасар балақай табылмай жатыр (фото)

Орал қаласының Ескендір есімді тоғыз жасар тұрғыны жоғалып кетті деп хабарлайды Мой Город порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:mgorod.kz
Фото:mgorod.kz: UGC

Ескендір 13 қараша күні түскі сағат 12:28-де мектепке кеткен. Алайда балақайдың сабаққа бармағаны анықталды.

"Ол әдетте "Юбелейная" немесе "Орал" аялдамасына дейін баратын. Ұлым бүгін маған хабарласып, мектепке бара жатқанын айтты. Осыдан кейін Ескендірді көрмедік. Бастапқыда ол телефон тұтқасын көтермеді. Біраздан соң ұялы телефоны өшіріліп тұрды.
Оның сөмкесін "Қазақстан" кинотеатрының жанынан таптық. Ескендір ешқашан сабақтан бұлай қалған емес. Кинотеатр бағытына жүрген көліктер видеожазбаларыңызды қараңыздаршы, өтініш", - деді балақайдың анасы.

Айта кетейік, Ескендірдің үстінде қара күрткесі мен сұр түсті бас киімі болған.

Егер балақай жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз 8-711-226-4362, 8-705-277-8805, 8-775-135-5257 нөмеріне немесе 102-ге хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763374-oralda-mektepke-ketken-togyz-zasar-balakaj-tabylmaj-zatyr-foto.html