RU

Қырғызстанда қайыр тілеп жүрген қазақстандық бала табылды

Қырғызстанның Қызылқия қаласынан 13 жастағы қазақстандық бала табылды. Қайыр тілеп жүрген жеткіншекті анасы медресеге тастап кеткен деп хабарлайды kaktus.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:topor.od.ua
Фото:topor.od.ua: UGC

Бұл жайында Қырғызстанның ІІМ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекциясының басшысы Азамат Әбдірахманов мәлім еткен.

Әбдірахмановтың сөзінше, 13 жастағы бала арнайы рейд кезінде анықталған.

Жеткіншек милиция өкілдеріне медреседен қашып кетіп, Ошта қайыр сұрап күнелтетінін айтып беріпті.

"Біз кәмелетке толмаған баланың әкесін анықтадық. Оның әкесі мен анасы ажырасып, бала анасымен бірге Қырғызстанға келген. Ер адам баласының тағдырынан хабарсыз болып шықты", - деп түсіндірді Әбдірахманов.

Айта кетейік, жеткіншектің анасы Ресей еліне жұмыс істеуге кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763379-kyrgyzstanda-kajyr-tilep-zrgen-kazakstandyk-bala-tabyldy.html