RU

Ғалымдар ғашықтықтың денсаулыққа пайдасын анықтады

Батыс Виргиния университетінің ғалымдары ғашықтық пен шынайы сезімдердің адам өмірін ұзартуға септігін тигізетінін анықтады. Бұл туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: dama.bg
Көрнекі фото: dama.bg: UGC

Зерттеушілер пікірінше, ғашықтық сезімі адамның миына әсер етіп, оның ағзасын толықтай "емдеуге" көмектеседі.

Ол бас миындағы есте сақтау мен шешім қабылдауға жауап беретін 12 нүктенің қызметін жақсартып, адамның күнделікті жұмыста табысты болуын қамтамасыз етеді.

Нейрологтар ғашықтық арқылы миға бір мезетте дофамин және окситоцин сияқты гормондардың түр-түрі келіп түсетінін айтуда. Ол өз кезегінде ақыл-ойды дамытып, байыпты шешім қабылдауға көмектеседі.

Оған қоса махаббат сезімі адам ағзасының инфекциямен күресуде белсенділігін арттырады.

Түрлі жас аралығындағы 50 әйелге жүргізілген зерттеу нәтижесі ғашық адамдардың иммунитеті де анағұрлық мықтырақ болатынын көресткен.

Жүрегінде от лаулаған адамдардың ағзасы түрлі вирустар мен инфекцияларды өздігінен жоюға барынша күш салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763383-galymdar-gasyktykty-densaulykka-pajdasyn-anyktady.html