RU
Назарбаев: Қытайдан қысым көріп отырған жоқпыз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев: Қытайдан қысым көріп отырған жоқпыз

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана клубының" пленарлық отырысында АҚШ пен Қытай арасындағы текетірестің неден пайда болғанын түсінбейтінін айтты деп хабарлайды Zakon.kz.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

"Кейбіреулер Қытайды өзін мемлекет ретінде көрсеткісі келетін құрлық деп санайды. Қытай - бұл халық ретінде танылуға тырысатын өркениет. Біз Қытаймен 1700 шақырым жерде шекаралас жатқан ең жақын көршіміз және оның тарапынан ешқандай шабуыл немесе қысымды сезінбейміз", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, жаһандануға қарсы қимыл басталғанда, "Ұлы Жібек жолы: Бір белбеу - бір жол" туралы ұсыныс оған балама болған. Аталмыш қозғалысқа 60-тан астам ел қатысуда.

"Қытайдың қаржысы бар, ол басқа елдердің дамуына көмектесуде. Бұл әрекеттен шабуыл немесе басып алуды көру керек пе? Мен ондай мүмкіндікті қазір байқамаймын. Бұл кімнен шығуы мүмкін екенін де түсінбеймін", - дейді Қазақстан басшысы.

Оған қоса Елбасы ауыл тұрғындарының Қытайға қиындық туғызып отырғанын айтып өтті.

"Мен Си Цзиньпинмен жиі кездесіп тұрамын. Бұл мәселелер турасында ашық сөйлесеміз. Қытайдың өзге елдерге үстемдік етіп, басып алу туралы ешқандай жоспары жоқ. Керісінше, оларға мемлекетте ішкі технологиялық дамуды ретке келтіру үшін тыныш өмір керек. Неге Қытай теңіз аймақтарын басып алып жатыр деген ой туындайды? Бұл пікірталас бұрыннан бар. Таласқа түскен аралдар да бұрыннан бар. Мәселен Вьетнам, Жапонияны айтуға болады", - деді ол.

Мемлекет басшысы сондай-ақ бір тарапты жақтап шыққысы келмейтінін айтты. Себебі текетірес барлық адамзатқа тиімсіз, бір ғана қателіктен үлкен қауіп төнуі мүмкін деп санайды. Сол үшін диалогтар жүргізу керек дейді Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel