RU

14 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Бүгінгі күн жоспарларыңызды іске асыру үшін таптырмайтын күн. Ойларыңыздың шындыққа айналуы мүмкін екенін ұмытпаңыздар, сондықтан тек жақсы нәрсе ойлаңыздар. astro7 сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 14 қарашаға арналған жұлдыздардың жорамалын ұсынады.

SHUTTERSTOCK
Көрнекі фото:SHUTTERSTOCK: UGC

1. Тоқты

Айналадағы адамдарға қол ұшын созуға асығыңыз, тіпті ол адамды ұнатпасаңыз да. Бүгін қайырымдылық пен игі істер күні. Өз қалауларыңызды да ұмытпаңыз. Түстен кейін мәдени шараларға уақыт арнасаңыз дұрыс болады. Сүйіктіңізге сезіміңізді білдіріңіз, тек үйде емес, оны кафеге шақырыңыз. Бұл оның көңілінен шығады.

2.Торпақ

Торпақтар, жұмыс істеген жақсы ғой, бірақ курстар мен тренингтер сізді күтуде. Бүгінгі күн оқу мен интеллектуалды даму үшін таптырмайтын күн. Басшылық қарсы болмайды. Уақытты тиімді пайдаланып, демалуға да бірнеше сағат бөліңіз. Отбасылық демалыс ұйымдастырыңыз немесе достарыңызбен демалыңыз, олар қуанып қалады.

3. Егіздер

Егіздер бүгін баршаға үлгі болады. Мақтау сөздерді қабыл алып, айналаңыздағылармен қарым-қатынасыңызды бұзып алмау үшін дандайсымауға тырысыңыз. Кешке туыстарыңыздың бірімен татуласудың мүмкіндігі туады. Алғашқы қадамды өзіңіз жасаңыз.

4. Шаян

Бүгін сіз өз қөзқарасыңызды дәлелдеуге тырысасыз, бірақ шектен шықпаңыз, әйтпесе абайсызда таныстарыңызды немесе әріптестеріңізді ренжітіп алуыңыз мүмкін. Көңіл көтеретін шараларды кейінге қалдыруға тура келеді. Түстен кейін маңызды шаруаларыңыз қаптап кеткені соншалық, мұңаюға уақыт таппай қаласыз.

5. Арыстан

Бүгінгі күн арыстандар үшін жайлы болады. Жұлдыздар жаман ойлардан арылуға кеңес береді. Ол үшін айғайлаңыз, жер тепкілеңіз, жаман ойлардың бәрін қағазға жазып, өртеп жіберіңіз. Содан кейін дүкен аралап қайтуыңызға болады. Отбасымен бірге дүкен аралап, күнді сәтті аяқтауға болады.

6. Бикеш

Бүгінгі күн мүліктік және қаржылық мәселелерді шешуге қолайлы күн. Бірақ шешім қабылдамас бұрын заңгерлермен немесе бұл мәселелерді сізден жақсы білетін адамдармен ақылдасыңыз. Махаббат мәселесінде бәрі анық, бірақ бәріне сене бермеңіз, кейбір көңіл білдіріп жүрген адамдардың сезімдері шынайы емес.

7. Таразы

Бүгінгі күн көптеген жағымды жаңалық әкеледі, бірақ сақ болыңыз, айналаңыздағы кейбір адамдар сізді көре алмай жүр. Кешке балалармен уақыт өткізген пайдалы болады. Кішкентай балалардың идеялары көп - оларды тыңдап, жүзеге асыруға болады. Соның арасында тұрмыстық мәселелерді де шешіп тастаңыз. Бұл қолыңыздан келетініне жұлдыздар сенімді.

8. Сарышаян

Соқыр тәуекелге бармаңыз, бүгінгі күн жайбарақат өткені абзал. Шығармашылықпен айналысыңыз, серіктестермен кездесіп, болашақ жоспарларыңызды талқылаңыздар. Қағаздармен жұмыс істеуіңізге немесе құжаттарыңызды реттеуіңізге болады. Кешке спортпен шұғылдансаңыз жақсы болады.

9. Мерген

Мергендер бүгін жеңілтектікке орын жоқ. Оның салдары үлкен қиындыққа әкелуі мүмкін. Бірақ қатерлі әрекетке баратын болсаңыз, достарыңыздан көмек сұраңыз. Олар сіздерге кеңес беріп, қажет болса демеп жібереді. Кешті жанұяңызбен өткізгеніңіз абзал. Олар да көңіл көтере алады.

10. Тауешкі

Бүгін сізді жайлы, сәтті күн күтіп тұр. Әріптестердің дауларына араласпаңыз. Одан да жұмыстан ертерек сұранып кетіп, дизайнерлік ойларыңызды жүзеге асырыңыз. Туыстарыңыз сізге қуана көмектеседі - жиһазды жылжытып, қабырғаларды бояп береді. Бұйрығыңыздың бәрі орындалады.

11. Суқұйғыш

Жұлдыздар бүгін айыңыз оңыңыздан туды дейді. Бақталастарыңызды уайымдамай, шаруаларыңызбен айналыса беріңіз. Олар енді сізді мазаламайды. Отбасылы адамдар сүйіктілерімен жайлы кеш өткізеді.

12. Балықтар

Балықтардың бүгінгі күні көңілді, әрі әсерлі өтеді. Таңертең басшылығыңыз сізге күтпеген ұсыныс жасайды, ал түстен кейін сіз көңіл көтересіз. Ал десертке сізді махаббат тосынсыйы күтіп тұр. Романтикалық менюді ғашығыңыз тарту етеді. Ол ас та әзірлейді, сусынды да таңдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763400-14-karasaga-arnalgan-zldyz-zoramal.html