RU

Қарағандыда шыққан өрттен екі әйел мен кішкентай бала қаза тапты

Қарағандыда жер үйден шыққан өрт екі әйел мен кішкентай баланың өмірін жалмап кетті деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Өзбекстан/Andres Kudacki
Фото: Sputnik Өзбекстан/Andres Kudacki: UGC

Комитет мәліметінше, өрт қабаттаса орналасқан жер үйде болған.

Құтқарушылар бір отбасыны аман алып қалыпты.

Ал екінші үйдегі адамдарды құтқару мүмкін болмаған.

Қайтыс болған адамдардың 1962, 1990 жылғы әйелдер мен 2012 жылы туған кішкентай бала екені анықталды.

Айта кетейік, кешкі сағат 18:00-де екі үйді шарпыған қызыл жалын тек 21:00-де ауыздықталған.

Әзірге өрт шығу себептері белгісіз. Ол арнайы тексеру нәтижесінде анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763420-karagandyda-sykkan-rtten-eki-jel-men-kiskentaj-bala-kaza-tapty.html