RU
ШҚО-да мұз үстінен балық ауламақ болған 71 жастағы қария суға батып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да мұз үстінен балық ауламақ болған 71 жастағы қария суға батып кетті

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданындағы Верхберезовка ауылының 71 жастағы тұрғыны Водохлебка өзенінен балық аулауға барып, көз жұмды. Жұқа мұз адам салмағын көтере алмай ойылып кетіп, балықшы суға түсіп кеткен деп хабарлайды AltayNews.kz.

ШҚО-да

Фото: altaynews.kz

Құтқарушылардың сөзінше, мұз әлі қалыңдамаған көрінеді. Сондықтан суға батқан адамның денесін алып шығу біраз қиындық туғызыпты.

"Үшиінді сатының көмегімен адам денесін алып шықтық", – деді құтқарушы Руслан Баяубаев.

Облыстық төтенше жағдай департамменті басшылығы халықты мұз үстіне балық аулауға шықпауға шақыруда.

Қазіргі уақытта мұздың қалыңдығы 3-5 сантиметр ғана. Ал ол адамды көтеріп тұруы үшін аз дегенде 10 сантиметр болуы керек.

Айта кетейік, мұздың мықтылығын сыртынан қарап білуге де болады. Егер оның түсі мөп-мөлдір көк және жасылдау реңкте болса, онда мықты, бекем деген сөз.

Ал мұз ақшылдау немесе сұрғылт болса, әлсіз екенін білдіреді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel