Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз өзін баққан әжесінің қарсылығына қарамай, Айқынға күйеуге шыққан

Опубликовано:

Жұртты шулатып, бала-шағасы бар Айқынға тұрмысқа шыққан Жұлдыз Өмірғали "Қалаулым" бағдарламасында жылап отырып, сүйгені үшін жақындарынан бас тартқанын жайып салды деп жазады NUR.KZ.

Жұлдыз Өмірғали анасы сегіз жыл бұрын екінші рет шаңырақ көтергендіктен, атасы мен әжесінің қолында өскенін мәлім етті.

"Мен атам мен апамның (әжемнің - ред.) қолында өскенмін. Анам сегіз жыл бұрын тұрмыс құрған. Мен ішімдегі сырымды апама айтқанымда, ол кісілер менімен сөйлеспей қойды. Қазір шүкір. Ата-енем мен туыстарымды жиі шақырып тұрады", - деді Айқынның жары.

Айта кетейік, бағдарлама барысында қонақтардың бірі Жұлдыздан Айқынға қашаннан бастап ғашық екенін сұрады.

Ал Жұлдыз болса ойланбастан: "Айқынға өлердей ғашықпын. Ол кісі үшін өмірімді бере салуға дайынмын", - деп ағынан жарыла жауап берді.

Айта кетейік, осыған дейін Айқын бірінші әйеліне деген сезімінің өшпегенін, Жұлдызға жүкті болып қалғандықтан үйленгенін отандық бағдарламада жайып салған болатын.

Тіпті әнші алғашқы жұбайын ешкімге қимайтынын да жеткізді.

Ал "Қалаулым" бағдарламасына қонаққа келген Жұлдыз Өмірғали Айқынның алдына жылап келгенін мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Айқын мен Жұлдыздың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1763445-zldyz-zin-bakkan-zesini-karsylygyna-karamaj-ajkynga-kjeuge-sykkan/

pixel