RU
Уилл Смиттің ұлы жұрт алдында гей екенін мәлімдеді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Уилл Смиттің ұлы жұрт алдында гей екенін мәлімдеді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі актер Уилл Смиттің ұлы Джейден Смит гей болып шықты. Ол өзінің досына деген сезімдерін көпшіліктің көзінше жайып салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Джейден өз досы Тайлер Оконманың концертінде ешкім күтпеген мәлімдеме жасады.

Ол сахнаға шығып, Tyler, The Creator лақап атымен танылған жолдасына жұрт алдында сезімін білдірді.

Сондай-ақ, актердің ұлы Тайлер екеуінің арасында достықтан да артық қарым-қатынас бар екенін жайып салды.

"Мен Тайлердің ең жақын досым екенін айтқым келеді. Мен оны қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, Тайлер - менің жігітім", -деді Джейден.

Алайда Джейден айтқан сөздердің рас-өтірігі белгісіз.

Желі қолданушыларың көп бөлігі видео астына күлкілі пікірлер қалдырып үлгерсе, екіншілері бұл сөздерге сенбейтінін жеткізген.

"Уилл Смит бір жерде жылап отырған шығар", "Джейденге хайп керек сияқты", "Тек қана жарнама ғой", "Бұл қалжың деп үміттенемін",- деп жазған олар.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Сіздің реакцияңыз
3
1
4
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel