RU

Астанада мектеп оқушылары шұғыл түрде эвакуацияланды (фото)

Астанадағы №22 мектеп оқушыларын тәртіп сақшылары шұғыл түрде эвакуациялады деп хабарлайды «NewTimes.kz» .

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Полиция қызметкерлері мектеп аумағын қоршауға алған. Сондай-ақ, олар Жирентаева және Петров көшелерін де жауып тастады.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары ғимараттан жарылғыш затты іздеген көрінеді.

Мектеп жанында өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлері де жиналған.

Оқу мекемесінің басшылығы бомба қойылғаны туралы хабарламаны бүгін таңғы сағат 8-де алғанын хабарлады.

Мектеп әкімшілігі бірден полиция шақырып, балаларды үйіне жіберген.

Жедел түрде жүргізілген жұмыс барысында ғимаратта жарылғыш зат табылмапты.

Қазір тәртіп сақшылары жалған ақпар берген "террористі" іздеп жатыр.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1763463-astanada-mektep-okusylary-sgyl-trde-evakuacialandy-foto.html